Алматыда карантин талаптарын бұзған кәсіпкерлер Ashyq жобасын қолдана алмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Кәсіпкерлік нысандарының жұмысына қатысты қаулының тармақтарына тоқталған ол эпидемиологиялық ахуалға байланысты әлеуметтік экономикалық нысандардың жұмысына шектеу шараларының қабылданғанын алға тартты. 
 

 

Ashyq жобасына тоқталған бас санитарлық дәрігер жоба қатысушылары мен жобаға кірмейтін әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысына неліктен шектеу қойылатындығын түсіндірді. 

Оның айтуынша, Ashyq жобасының қатысушылары емес мейрамхана, кафе мен кофеханалар бойынша қоғамдық тамақтану нысандарында (үй-жайда) жұмыс күндері сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген.

Демек, 50%-ға дейін, яғни 30 адам шамасындағы адамдарға қызмет көрсете алады. Сенбі мен жексенбі күндері қызмет көрсету тыйым салынған, тек алып шығу мен жеткізуге рұқсат етіліп отыр. Егер осы нысандар жобаның қатысушылары болса, 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істей алады, бірақ 50 келушіден аспауы қажет.

Жазғы алаңдарда сағат 7.00-ден 22.00-ге дейін 50 адам шамасында жұмыс істеуге рұқсат етілді. Ashyq қосымшасы болған кезде келушілер 50%-ға дейін 7.00-ден 02.00-ге дейін 50 адам шамасында жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Фудкорттарға жұмыс істеуге тыйым салынады, алайда Ashyq жобасына қатысқан жағдайда сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, ал келушілер 30адамнан аспауы керек, - деді Жандарбек Бекшин. 

Сонымен қатар жобаға қатысатын банкет залдарына сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін болған 30 адам шамасында жиынға рұқсат етілген.

Моншалар сенбі мен жексенбіден басқа күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі, бірақ егер бұл нысан Ashyq қатысушысы болса, күн сайын жұмыс істей алады.

Спорт кешендеріне, спорттық-сауықтыру орталықтарына, фитнес-орталықтары мен йога-орталықтары Ashyq жобасына кірмейтін болса, сенбі мен жексенбіден басқа күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Қатысушылар шектеусіз жұмыс істейді.

Егер олар жобаға қатысушылар болмаса, караоке мекемелерінің жұмысына тыйым салынады. Қосымшамен жұмыс істеу кезінде олардың жұмыс тәртібі сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін 30 адам шамасында қызмет атқара алады.

Бас санитарлық дәрігер пилоттық жобаға қатысушыларды келушілердің QR-кодты сканерлеу ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Талаптар сақталмаған жағдайда бұл нысандар жобадан шығарылады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы