Алматыда қар тазалауға 1 мыңнан астам техника әзірленді
Алматы, BAQ.KZ. Тұрғын үй саясаты басқармасы 2021-2022 жылдың қыс кезеңінде қарды тазалау бойынша өндірістік базалар мен мамандандырылған техниканың дайындығына тексеру жүргізді.
Жолдарды тазалау үшін 1 038 бірлік арнайы техника іске қосылады. Жол жұмысшыларының саны 1 400 адам. Қысқы кезеңге қосымша 1 200-ге жуық жол жұмысшыны тарту жоспарланып отыр. Осылайша жұмысшылардың жалпы саны 2 600 адам болады, - делінген хабарламада.Ведомствода хабарлағандай, техниканы қысқы жұмыс режиміне қайта жабдықтау ауа райы жағдайына байланысты кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Қалың қар жауған жағдайда 18 құрылыс ұйымымен 150 қосымша техника – самосвалдар, тиегішті жалға алу туралы шарттар жасалды.
30 мың тонна тұз және 60 мың тонна құм алынды. Көктайғаққа қарсы материалдардың нормативтік санына (барлығы 33 мың тонна тұз және 80 мың тонна құм) жеткізу 15 қазанға дейін жүргізілетін болады, - делінген хабарламада.Қалың қар жауған жағдайда қосымша 10 мың тонна тұз және 15 мың тонна құм жеткізуге шарт жасалған. Оған қоса барлық ауданда қар жиналатын орындар анықталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізге жеткізілмек болған карантиндік өнімге тосқауыл қойылды
Өзгелердің жаңалығы