Алматыда қанша мұғалім мен полицияға екпе салынғаны айтылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы  Қоғамдық  денсаулық  сақтау  басқармасының  Орталық  қалалық  клиникалық  ауруханасының  инфекциялық бақылауды  қамтамасыз  ету бойынша  директордың  орынбасары  міндетін атқарушы Эльвира  Ибрагимова  мегаполистегі вакцинациялау  барысы  туралы  айтты.

Оның айтуынша, қалада 1 ақпаннан бастап вакцинацияның бірінші кезеңі  аяқталған, яғни 1 624 медицина қызметкері «Спутник-V» вакцинасының екі компонентін алған. Қазір вакцина салудың екінші кезеңі жүріп жатыр.

Вакцинаның екінші кезеңі 1 наурыз айында басталды, Алматы қаласына қосымша 10 800 доза жеткізілді. Қалалық 39 емханада вакцина салу жұмысы жүргізілуде. Алғашқы аптада «қауіпті аймақтың» медицина қызметкерлері вакцинациядан өтті. 10 ақпанда құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және мұғалімдерге вакцина салына бастады. Осы уақытқа дейін 36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымында 658 құқыққорғау органы қызметкеріне және 310  педагогқа вакцина салынды, - деді Эльвира  Ибрагимова.

Сонымен қатар ол вакцина коронавируспен ауырған ауырған адамдарға да салынып жатқанын айтты.

Егер адам коронавируспен ауырғанына алты ай өткен болса вакцина салына береді. Вакцина салынған соң антидене 42 күннен соң пайда болады. Өндірушілердің мәліметінше бұл вакцинаның күші, яғни иммунитет бір жылдан екі жылға дейін сақталады, - деді маман.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы