Алматыда қанша бала коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қаланың Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қанша бала КВИ жұқтырғанын айтты.
Оның сөзінше, Алматы қаласындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі.
27 тамызға дейін КВИ-дің 39 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Бұл жыл басынан бері 121 мың жағдайдың 32%-ын құрайды. Күн сайын КВИ жұқтырған 100-ден астам оқушылар тіркеліп жатыр. 23 тамыздан бастап КВИ-дің тәуліктік өсімі 1,1% деңгейінде қалып отыр, бұл қоғамдағы науқастардан инфекцияның әлі де жоғары берілуін көрсетеді, яғни R коэффициенті саны 1,02 құрайды, - деді Бекшин.
Айтуынша, өткен аптада «симптомдық» науқастардың үлес салмағының артуы жалғасып жатыр.
Мысалы, соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда 94,2%-дан 95%-ға дейін өсті. Бұл өте алаңдатып отыр. Қазіргі күні инфекциялық стационарларда 137 бала емделіп жатыр. Оның 46-сы орта деңгейде. Оған қоса, 2 224 бала үйлерінде дәрігер бақылауында, - деп атап өтті Жандарбек Бекшин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан қоржынына Токиодан тағы бір күміс түсті
Өзгелердің жаңалығы