Алматыда камералық спектакльдер апталығы өтіп жатыр
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында жас режиссерлер қойылымдарының шеруі өтуде, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қазақ ұлттық драма театрының кіші залында камералық спектакльдер шеруі басталды. Қойылымдардың шымылдығын Жансерік Серікбайдың режиссерлігімен қойылған "Жүз" психологиялық драмасы ашты.
Сондай-ақ спектакльдер шеруінің алғашқы күнінде Ералхан Мырзахметтің режиссерлігімен "Көбелектің әні" драмасы сахналанды.
Қазақ театр кеңістігінде соңғы кезде жасалып жатқан көп жұмыстың бірі - бұл жаңа, заманауи драматургиямен жұмыс. Бұл шарада соның бір парасы десек болады. Бүгінгі камералық спектакльдер шеруі - жарыс емес, қайтсек шын мәнінде театр өнерін алға жылжуына, өрістеп дамуына үлес қосу. Бізге былтырғы жылы жас драматургтардан 10 пьеса түскен. Енді міне пьессаларды спектальге айналдыруды ойға алдық. "Жоқ" деуден аулақпыз, бірақ режиссерліктің бүгінгі театр процессіндегі патшалығы - бұл оңай табыла қоймайтын процесс. Сондықтан біз жас режиссерлерді шақырып, олармен камералық спектальдерді қойыңыздар деп, театрда мүмкіндік бердік. Бастапқыда жетеу еді, енді міне төртеуі нәтижеге жетіп отыр. Енді міне біз 4 баланың ішінен біреуін таңдап, театрға алсақ деген ойымыз бар. Ол үшін екі күннің ішінде 4 спекталь көрсетіліп, спектальдің талқылауы өткізіледі, - деді М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры Еркін Жуасбек.
Айта кеткейік, ертең "Махаббатқа қызмет" (реж. Әлібек Қосубақ) және "Үзілген үміт" (Ақылбек Хамитов) драмалары театрдың кіші залында сахналады. Кіру тегін.
"Жүз" мен режиссер ретінде үлкен сахнаға шығарған алғашқы қойылым. Пьессаның аты - "Әділет", авторы - Мадина Омарова. Алғашқы он шақты пьессаны қатар оқып, өзіме ұнағаны осы болды. Спектакльді қою барысында автормен байланыста болдық және кей шешімдерді өзгертіп отырдық. Мысалы ойласа отырып атын "Жүз" деп өзгерттік. Бұл қойылым тәжірибе ретінде қалса да, театрдың репертуарына қосылса да қуанамын. Ойымыздағы, ішіміздегі айтқымыз келген нәрсені сахна арқылы жеткізуге тырыстық. Ал әрі қарай спектакль тағдырын театр мен көрермендер шешеді, - деді жас режиссер, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының магистранты Жансерік Серікбай.