Алматыда қалың қар салдарынан ұзын-сонар көлік кептелісі болды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласында 13 қаңтарда сағат 04.30-дан бастап қар жауа бастады. Таңғы 9-дағы жағдай бойынша қалада қалыңдығы 10 см қар түскен.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Алматы көшелерін 2 мыңға жуық жұмысшы қардан тазартуда.
Қар жауа бастаған сәттен көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға, қиылыстарға, жолайрықтарының кіреберістеріне мұзды ерітетін материалдар себілді. Түскен қар бірден сыпырылып, тазартылды. Көктайғаққа қарсы 2650 м3 мұзға қарсы материалдар қолданылды, - делінген хабарламада.
Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ «қалталарын», жерүсті өткелдерін, саябақтар мен скверлерді қардан тазарту жұмыстары жүріп жатыр.
Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда, сондай-ақ жаяу жүргіншілер аймақтарында жауған қар бірден сыртқа шығарылуда.
Таңғы «қарбалас сағатта» қар тазалау жұмыстары аяқталған соң сағат 9.00-ден бастап жол полициясы патрульдік машиналарының еріп жүруімен қар тазалайтын колонналар ұйымдастырылды. Қалада қар тазалау жұмыстарына 630 арнайы техника бірлігі, оның ішінде 234 құм лақтырғыш, 1907 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Аудандар әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшіліктер ұйымдастырылған, - делінген хабарламада.
Қазгидрометтің болжауы бойынша бүгін ауа температурасы күндіз минус 2 градус болады, қар жауу күннің соңына қарай тоқтайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирустың жаңа штаммы балаларда қалай білінеді?
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы