29 Тамыз 2026, 08:36 Фото: скрин

Алматыда кафеде өрт шығып, 15 адам эвакуацияланды

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Алматыда кафеде болған өрт кезінде 15 тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.

28 тамыз, кешке Бостандық ауданындағы Розыбакиев көшесінде орналасқан кафеде түтін шыққаны туралы «112» қызметіне хабарлама түскен.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері мен Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жедел жеткен.

Құтқарушылар бір қабатты, екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйге жапсарлас салынған кафенің ас үйіндегі төбе жабындысы мен сөрелердің жанғанын анықтаған. Өртті сөндіруге газ-түтіннен қорғау қызметінің бірнеше буыны жұмылдырылды.

Эвакуацияланған 15 адамның барлығы осы үйдің тұрғындары.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.