Алматыда кафе иелеріне түсіндіру жұмысы жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көңіл көтеру мекемелерінің санитарлық-эпидемиологиялық шектеулерге сәйкестігін тексеру жалғасуда.

Кафе иелерін карантинді бұзбау үшін Ashyq-қа ауысуға шақырды. Мысалы, 21 мамырда Бостандық ауданының бақылау тобының өкілдері белгіленген жұмыс режимінен ұзақ жұмыс жасаған «Эверест» кафесіне барды. Әкімшіліктер Ashyq жобасы туралы айтып берді, соның арқасында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес сағат 22.00-ден артық жұмыс істеуге болады.

Мониторинг тобының өкілі Нұрхан Сарыбағаштың айтуынша, тексеру кезінде сағат түнгі 23.57-ні көрсеткен. Жазғы кафеде шамамен 20 адам болған. Келушілерге маскасыз қызмет көрсетілген.

Біздің тобымыздағы Атамекен ҰКП-ның маманы Эверест кафесінің әкімгеріне Ashyq жобасы туралы айтып берді. Дүйсенбіден бастап мекеменің иесі QR-кодына жүгіне алады және қосымша арқылы келушілерді қабылдай алады, - деді Нұрхан Сарыбағаш.

Барлығы 21 мамырдан 22 мамырға қараған түні мегаполисте карантиндік шаралардың екі бұзылу дерегі анықталды.  Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қазіргі қаулысына сәйкессіздіктер анықталған екінші мекеме Әуезов ауданында орналасқан «Тайм» лаунж-барында шамамен 30 адам болды. Келушілердің әрқайсысымен профилактикалық әңгіме өткізілді.

21 мамырға қараған түні бұдан да көп заң бұзушылықтар анықталды.  Алматыдағы 6 мекеме белгіленген шектеулерді бұзды.

Мысалы, Marseille караокесі белгіленген графиктен ұзақ  жұмыс жасаған. Барлығы мекемеден 40-қа жуық келушілер шығарылды. Құқық бұзушылық тағы бір рет Әуезов ауданындағы «Мята» лаунд-барында анықталды.

Барлығы 20 наурыздан 22 мамырға дейінгі аралықта Алматы қаласының мониторингтік топтары 874 белгіленген шектеулерді бұзғандарды анықтады. Анықталған объектілердің жалпы санының 613-і мейрамханалар, кафелер мен дүкендер, 113-і компьютерлік клуб, 16-сы бильярд клубы, 44-і SPA-салоны, 28-і сауна, 2-сі кальян-бар, 29-ы караоке-клуб, 22-ы лото клуб, букмекерлік кеңсе, 20-ы түнгі клуб. 3327 адам полиция бөлімшелеріне жеткізілді.

Еске салсақ, Алматы қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз күйінде қалып отыр.  Осыған байланысты тұрғындар, оңтүстік астананың қонақтары, кәсіпкерлік субъектілері карантиндік режимді қатаң сақтаулары тиіс.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы