Алматыда көз емдейтін орталық ашылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің Профессорлық клиникасы жанынан Офтальмологиялық орталық ашылды.

Соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтылған орталықта білікті мамандар офтальмологиялық сала бойынша хирургиялық және терапевтік жан-жақты тексеріс жүргізеді. 



Орталықтың меңгерушісі Марат Сүлейменовтың айтуынша, мұнда тәжірибелі мамандар көз жанарына қатысты барлық тексерісті жүргізеді және түрлі көз ауруларының диагностикасын жасап, оларды емдеуге атсалысады. 

“Біз көз ауруларын емдеу үшін озық технология мен тиімді әдістерді пайдаланамыз. Мұнда тәжірибесі мол, білікті дәрігерлер көз ауруларына диагностика жүргізеді. Орталықта сондай-ақ, күндізгі стационар қызметі бар. Мұнда сонымен қатар білікті мамандар жас дәрігерлерге лекция оқып, ауруларды емдеу бойынша сабақтар өткізеді. Мұндай тәжірибе Еуропада бұрыннан бар. Яғни осындай профессорлық клиникада жастарға практикалық және теориялық білімді қатар береді. Бұның тиімділігі жоғары болады ”, - дейді ол. 


Орталықтың саланатты аушылуында ҚазҰМУ-дің ректоры мен осы салада қызмет ететін дәрігерлер орталықпен танысып, оның жұмысына сәттілік тіледі. 


Мамандардың айтуынша, әлем бойынша дәрігерлерге көз ауруымен жүгінетіндер көбейген. Елімізде жылына офтальмологиялық аурулармен 1 млн-дай адам дәрігерге қаралады екен, оның 400 мыңдайы жаңадан тіркелгендер.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы