Алматыда көшелерді қардан тазалау үшін 400-ден астам техника жұмылдырылды

Алматы, BAQ.KZ. Көктайғақтың алдын алу үшін түн мезгілінде 417 арнайы техника бірлігі, оның ішінде 162 құм лақтырғыш техника бар және 427 жол тазалайтын жұмысшылар іске кірісті. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Алматыда түнгі сағат 23:30-дан бастап жауған қар болжам бойынша 7 қарашаның бірінші жартысына дейін созылады.

7 қараша күні таңнан бастап 498 техника бірлігі қар тазалауға шығарылды, оның ішінде 174 құм лақтырғыш бар, сонымен қатар 1688 жол жұмысшылары қар тазалаумен айналысуда, - делінген хабарламда.

Қардың түсуі басталысымен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар төгілуде, тротуарлар, жаяу жүргінші аумақтары, қоғамдық көлік аялдамалары, өтпелі жолдарға кіретін және одан шығатын жерлер қардан тазартылуда.

Таңғы сағат 8-де көктайғаққа қарсы 2609 тонна материал төгілді. Жауған қардың деңгейі - 5 см.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы