Алматыда күннің қатты ысуына байланысты ескерту жасалды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласында 6-8 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтілуде, деп хабарлады Алматы қаласының ТЖ департаменті.
Осыған байланысты, ТЖ Департаменті төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:-Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, сағат 12: 00-ден 16: 00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киюге тырысыңыз және күннен қорғайтын сықпа майлар қолданыңыз;
- Алкогольді ішімдік ішпеңіз – алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді және дене жоғары температураға сезімтал болады;
- Сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз;
- Денеге салмақ түсірмеңіз. Күшті жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеліп соқтырады;
- Авто көліктермен ұзақ сапарларды шектеуіңіз керек, егер бұл мүмкін болмаса, жолда мүмкіндігінше абай болыңыз, себебі, қатты ыстықтан көңіл күй төмендеп адам өзін өзі нашар сезінуі мүмкін және реакция төмендейді.
- Балаларды авто көліктердің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін.
- Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сіздің өміріңізге қауіп төнгендей жағдай болса, "112", "101" бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз (қоңырау шалу тегін).
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!
Ескертудің ықтималдығы 90-95% құрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық жолдарда 11 мыңнан астам белгі ауыстырылды
Өзгелердің жаңалығы