Алматыда күннің қатты ысуына байланысты ескерту жасалды
Алматы, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 17 шілде күні Алматыда ауа райы 33-35 градусқа дейін көтерілетінін мәлімдеді.
Осыған байланысты Алматы қаласы ТЖ Департаменті төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
-Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, сағат 12:00-ден 16:00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киюге тырысыңыз және күннен қорғайтын сықпа майлар қолданыңыз;
- Алкогольді ішімдік ішпеңіз – алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді және дене жоғары температураға сезімтал болады;
- Сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз;
- Денеге салмақ түсірмеңіз. Күшті жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеліп соқтырады;
-Авто көліктермен ұзақ сапарларды шектеуіңіз керек, егер бұл мүмкін болмаса, жолда мүмкіндігінше абай болыңыз, себебі, қатты ыстықтан көңіл күй төмендеп адам өзін өзі нашар сезінуі мүмкін және реакция төмендейді.
-Балаларды авто көліктердің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін.
- Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сіздің өміріңізге қауіп төнгендей жағдай болса, "112", "101" бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз (қоңырау шалу тегін).