Алматыда із-түзсіз жоғалған 25 жастағы жігіттің денесі табылды
19 мамырдан бері іздеуде болған алматылық жігіттен қаралы хабар келді.
Алматыда жоғалып кеткен 25 жастағы Ерзат Егізбай өлі күйінде табылды.
Бұл туралы іздеу жұмыстарына қатысқан еріктілер мәлімдеді. Айтуларынша, Жетісу ауданында із-түзсіз кеткен Ерзат Шалқарұлы Егізбайды іздеу қаралы хабармен аяқталған.
Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Осындай ауыр қасіретте сабыр мен төзім тілейміз. Өкінішке қарай, іздеу жұмыстары қаралы нәтижемен аяқталды, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Ерзаттың жоғалғаны туралы арызды 19 мамыр күні оның ағасы Азамат Егізбай жазғаны туралы ақпарат тараған. Оның сөзінше, Ерзат шамамен сағат 14:30 шамасында Райымбек даңғылы бойындағы 147Б үй маңындағы құрылыс нысанынан шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған.
Жас жігіттің телефоны соңғы рет Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданында, Есік саяжайлары мен «Көксай» бау-бақша серіктестігі аумағында белгі берген.