Алматыда итті көлікпен сүйрегендер ұсталды

Оқыс оқиға Алатау тасжолы бойында Тұздыбастау ауылында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысында итті сүйреген ер адамның әрекетін куәгерлер байқап, видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салған.

Кадрлардан елді мекен көшелерімен кетіп бара жатқан қызыл түсті көлікке байланға итті көруге болады. Қиналған жануар қан жоса болып, жүре алмай қалады.

Әлеуметтік желіде тараған видеода куәгер көлік иесін тоқтатып, итті баудан босатып алғанын айтады.

Қазір осы оқиғаға қатысты Талғар аудандық полиция басқармасы 316-бап, яғни "Жануарларға қатыгездік көрсету" бойынша іс қозғады.

Соталды тергеп-тексеру жоғарыда аталған бөлімнің қызметкерлеріне тапсырылды. Құқық бұзушы 1987 жылғы ер адам екені анықталды. Қазір қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: hvost.news
Өзгелердің жаңалығы