19 Мамыр 2020 2020, 14:53
Алматыда ішімдік өнімдерін қолдан жасағандар ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері "Қазақстан" коньягын қолдан жасап келгендерді ұстады.
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері "Қазақстан" коньягын қолдан жасап келгендерді ұстады.
Жедел-тергеу шаралары барысында ішімдік өнімдерін заңсыз жасайтын цех анықталды. Ол жерде "Қазақстан" коньягі деген жалған марка жабыстырлған 0,5 литрлі 1040 шөлмек табылды. Сондай-ақ, әлі қолданылмаған 525 дана марка болды. Одан бөлек 2 канистр спирт, бос бөтелкелер, қақпақ және шөлмек қақпағын жабатын аппарат болды,-делінген хабарламада.Ұсталғандарға ҚР ҚК-нің 233 бабы 2 тармағы бойынша айып тағылып отыр.