Алматыда ірі жол апаты болып, 8 адам зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 5 автокөлік және бір автобустың қатысуымен ірі жол апаты болды. Салдарынан 8 адам зардап шеккен. Алматы қаласы полиция департаментінде 25 қыркүйек күні болған жол апаты туралы айтты. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады. 

Ведомствоның айтуынша, жол-көлік апаты сағат 22:40 Алматының Жетісу ауданында болған.

«BMW автокөлігінің 1996 жылғы жүргізушісі Рысқұлов даңғылымен келе жатып, келесі жолаққа өтемін дегенде сол жолақта келе жатқан машинамен соқтығысады. Кейін BMW қарсы бетке шығып кетіп, Toyota көлігімен және де ЛИАЗ маркалы автобуспен соқтығысады. Тоқтай алмаған BMW батыс бөлікте келе жатқан тағы да Toyota Camry маркалы екі автокөлікпен келіп соқтығысады», - деді полицияда.

Жол апатынан 8 адам зардап шекті. Оның ішінде 8 жасар бала да бар.

Аталған факті бойынша, ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы