Алматыда ірі пәтер ұрылары ұсталды

Әуезов ауданындағы пәтерден ірі көлемдегі ақша ұрлаған екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Тергеу мәліметінше, қылмыс күндіз жасалған. Күдіктілер сәйкес кілт таңдау арқылы пәтерге заңсыз кіріп, көп мөлшерде ақша ұрлаған. Олардың жеке тұлғалары анықталған соң бірден қолға түсті.

Ұсталған азаматтар бұрын сотты болған. Олар алдын ала ойластырылған схема бойынша әрекет еткен болуы мүмкін. Қазіргі уақытта олардың Алматы қаласы аумағындағы басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр. Тергеу жалғасуда, – деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.

Полиция тұрғындарға үй мүлкін қорғау шараларын күшейтуді ескертеді: сенімді құлыптар орнату, бейнебақылау жүйелері мен дабыл түймелерін қолдану, сондай-ақ тұрғын үйлер маңындағы күдікті адамдар туралы бірден полицияға хабарлау қажет.

Полиция тұрғындарға үй қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін ескертеді. Оның ішінде: сенімді құлыптар орнату, бейнебақылау жүйелерін және дабыл түймелерін пайдалану, сондай-ақ тұрғын үйлердің маңында күдікті адамдарды байқаса, дереу полицияға хабарлау қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы