Алматыда ірі есірткі зертханасы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы полиция қызметкерлері ірі есірткі зертханасын анықтады. Операция барысында заңсыз кәсіпті ұйымдастырған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция мәліметіне сүйенсек, 1996 және 1997 жылы туған екі ер адам есірткі өндірген. Зертхана Алматы қаласының Медеу ауданындағы бау-бақша қоғамы аумағындағы жеке үйде орналасқан.
Үйді санкцияланған тінту кезінде "мефедрон" синтетикалық психотроптық затын өндіруге қолданылатын ұнтақ және кесек түріндегі заттар, химиялық заттар салынған пластик ыдыстар, түрлі сұйықтыққа толы зертханалық шыны колбалар, электрон таразы және басқа да заттар табылды. Олар іс жүргізу тәртібімен тәркіленді. Күдіктілер есірткі әзірлеуге арналған компоненттерді Ресей Федерациясынан көлік-логистика компаниясының қызметі арқылы жеткізіп отырғаны анықталды, - деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.Полиция қызметкерлері үш келі кептірілген және он келі сатуға дайын есірткі өнімін тәркілеп, сот-химиялық сараптамасын жасауға жіберілді.
Күдіктілерге қатысты іс ҚР ҚК-нің 297-бабы ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша тіркелді. Олар кінәсін толық мойындап, өндірілген заттардың Медеу, Бостандық және Наурызбай аудандарының аумағында белгілі бір орындарға қойып кету арқылы сатылатындығын айтты. Ұсталған азаматтар ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі,-деп түйіндеді Ерлан Алмағамбетов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Маңғыстаудың Бас санитариялық дәрігері жаңа қаулы шығарды
Өзгелердің жаңалығы