Алматыда ірі бизнес орталығы сүріліп жатыр
Алматыда ірі бизнес орталықтың бір қабаты сүріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мұратбаев көшесі, 63 мекенжайындағы Parasat бизнес орталығының үшінші қабаты мен мансардасы сот шешімімен бұзылады.
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, бұл құрылымдар рұқсатсыз салынған.
Жоспардан тыс тексеруден кейін «Parasat Samex Co LTD» ЖШС иесіне заңсыз салынған құрылыстарды жою туралы ұйғарым берілді, алайда талап орындалмады. Сот басқарманың талап-арызын қанағаттандырып, міндетті түрде сүру керек деп шешті. Меншік иесі сот орындаушыларының қатысуымен бұзуды бастады, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, заңсыз құрылысқа қарсы күрес аясында өткен жылдың басынан бері Алматыда «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» және басқа да 44 заңсыз нысан бұзылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Заңсыз айналымнан 15 тоннадан астам есірткі тәркіленді
Келесі жаңалық
Алматыда жыл соңына дейін 16 жатақхана пайдалануға беріледі
Өзгелердің жаңалығы