Алматыда ірі азық-түлік дүкендері мен жанармай бекеттері жұмыс істей бастады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда бірінші қажеттілік нысандарының жұмысы қайта жандана бастады. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының баспасөз хатшысы Анар Тастанбекова айтып берді.

Оның айтуынша, қалада әсіресе ірі сауда желілерінің жұмысы қайта іске қослыа бастаған. Кеше қаланың барлық аудандарында Магнум, Тоймаркет, Смол супер маркеттерінің 28 филиалы ашылған. Бүгін олардың 49 филиалы іске қосылды, атап айтқанда Магнумның 39, Смолдың 9, Тоймаркеттің 1 филиалы. 

Оның айтуынша, қаладағы дистрибюторлардың қорларында азық-түлік жеткілікті көлемде сақталған. Тұрғындарға алаңдауға негіз жоқ.

Тамақ өнеркісібі саласындағы ірі кәсіпорындардың жұмысы тоқтаған жоқ. «Ақсай нан» және басқа да зауыттар қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, бүгіннен бастап «Барыс», «Алматы-1» және «Арыстан» базарлары жұмысын қайта бастады. Одан бөлек қала бойынша 44 жанармай бекеті жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта тағы 25 жанармай бекеті ашылады. Ал, жанармай мен дизель отынының бағасы бұрынғы деңгейде сақталған. Сұйытылған газдың литрі 70 теңгеге дейін төмендетілді,-деді ол.

А. Тастанбекова сонымен қатар қалада 900 дәріхана барын және оның 200-ден астамы желілік екенін жеткізді.

Қазір қала аумағында 70 желілік және 40 бөлшек сауда дәріханалары жұмыс істеп жатыр. оның ішінде 102 дәріхана сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін, 3 дәріхана тәулік бойы жұмыс істейді. Соңғы мәліметтерге сәйкес 15 дәріхана бұзақылық кезінде зардап шеккен,-деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы