Алматыда интимдік қызмет көрсеткен массаж студия анықталды
Аталған дерек бойынша жан-жақты тексеру шаралары қолға алынды. Сондай-ақ мекеме әкімшілігіне қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Алматының Бостандық ауданында полиция қызметкерлері боди-массаж қызметін көрсету орталығы ретінде жасырын жұмыс істеген заңсыз мекеменің қызметін тоқтатты. Жеті әйел полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.
Полиция департаментінің хабарлауынша, учаскелік полиция инспекторлары қаланың беделді аудандарының бірінде тексеру жұмыстарын жүргізген. Тексеріс барысында жеке тұрғын үйде сауықтыру қызметтерін көрсетеді деген желеумен интимдік сипаттағы қызметтердің көрсетілгені анықталды.
Нәтижесінде жеті әйел полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Аталған дерек бойынша жан-жақты тексеру шаралары қолға алынды. Сондай-ақ мекеме әкімшілігіне қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.