Алматыда 22 мыңнан астам оқушыға роутер сатып алынды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Білім беру басқармасының басшысы және Цифрландыру басқармасы басшысымен бірге Алматы аудандарының басшылығымен оқу жылына дайындықты тексеру үшін жиналыс өткізді.

Бұған дейін, жүргізілген сараптама мен техникалық диагностикалау қорытындысы бойынша Интернет және ұялы байланыс өткізгіштігі төмен 169 орын анықталды. Бүгінгі таңда 141 нүкте бойынша жұмыс аяқталды. Қалғандары бойынша жұмыс жалғасуда. Сонымен бірге, қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін мобильді байланыс операторлары Алматы қаласы бойынша осыған дейін болған базалық станциялар негізінде 164 нүкте жаңартылды.  

Осылайша, қабылданған шаралар сапалы және үзбей қашықтықтан оқытуды қамтамасыз етуге қажетті сигнал жылдамдығын арттырды.  

Сонымен бірге, интернетке қосылуға мұқтаж 22 мыңнан астам оқушыға арнап SIM-карталар және роутерлар сатып алынды. 

Жиналыс барысында аудандық әкімдіктердің баяндамалары тыңдалды. Бүгін балаларды бірінші сыныпқа қабылдау аяқталды. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Алматы мектептері бойынша 27 мың бірінші сынып оқушылары оқуға кіріседі. Пандемия жағдайында оқу қашықтықтан оқытылады. 1-2 сынып оқушылары үшін кезекші топтар жұмыс істейді. Қашықтан оқытуға техникалық дайындықты қамтамасыз ету үшін 75 мыңнан аса бала және 2,2 мың мектеп мұғалімі компьютерлермен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі таңда техниканың біраз бөлігі берілді. Қалған компьютерлік құрал ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсырылады. Тиісті түсіндіру жұмыстары аудан әкімдіктері желісі бойынша жүргізілуде, - делінген хабарламада.  

Онымен қоса, оқушыларды оқу материалдарымен 100% қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен бірге, қашықтықтан оқытуға жұмылдырылған мұғалімдер құрамы Bilimland.kz, Opiq.kz, Kundelik.kz, Microsoft.Teams сияқты цифрлы сауаттылықтың тиісті курстарынан өтті. 

Әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптың қатаң сақталуының маңыздылығына ерекше назар аударды. 

Жекелей алғанда, оқушылар ағынын бағыттау алгоритмі, кезекші топтар үшін қоңыраудың дифференциалды кестесі, санитайзерлермен және дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз ету, маска режимінің сақталуын бақылау, дезинфекциялық өңдеу және ауаны желдету және т.б.

Бабақұмаров аудандық білім бөлімдері және білім беру мекемелерінің бірінші басшыларына балалар мен мұғалімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әрқайсысына жеке жауапкершілік жүктелетінін еске салды. 

Алматыда Білім басқармасының желісі бойынша call-орталықтар қызмет етеді: 

- Алатау ауданы  8 702 671 9650;
- Алмалы ауданы – 8 707 930 2005;
- Әуезов ауданы – 8 701 991 4875;
- Бостандық ауданы  – 8 702 459 0906;
- Медеу ауданы – 8 701 783 9483;
- Наурызбай ауданы – 8 777 827 0580;
- Жетісу ауданы– 8 707 296 5560;
- Түрксіб – 8 701 352 4873.

Сонымен бірге, орта білім беру (мектептер) бөлімінің - 8 775 908 5598, техникалық және кәсіби білім беру бөлімінің (колледждер) - 8 707 549 5495 call-орталықтары жұмыс істейді. Интернаттық мекемелердің мәселелері бойынша 8 747 878 8283 нөміріне хабарласуға болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы