Алматыда иновациялық техникалық колледж бой көтереді

Алматы индустриалды аймағында 29 жобаға шағын өнеркәсіптік мәртебесі берілді. Инвестицияның сомасы 14 млрд теңге. Өндірістік үй-жайлардың ауданы 133,9 мың шаршы метрді қамтыды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.

Алматыда 2019 жылдан бастап шағын өнеркәсіптік парктер бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бұл туралы «Алматы - Индустриалды аймақ» ЖШС директорының орынбасары Артур Тұяқов Өңірлік коммуникациялар қызметінде атап өтті.

Алматыда шағын өнеркәсіптік парктерді (ШӨП) дамыту бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бүгінде, қалада 2,2 млрд теңге инвестиция сомасымен жалпы алаңы 26,5 мың шаршы метрді құрайтын өндірістік жайы бар 8 шағын өнеркәсіптік парк жұмыс істейді, 650-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылған. 2023 жылдың қорытындысы бойынша қала экономикасына басым салалардың үлесі 23,4%-ке дейін ұлғаяды (өңдеу өнеркәсібі, туризм, креативті индустриялар және IT, 2022 жылы – 22,7% қамтыды, – дейді «Алматы - Индустриалды аймақ» ЖШС директорының орынбасары Артур Тұяқов.

Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес, индустриалды аймақта инновациялық техникалық колледжі құрылмақ. Жобаның жалпы құны 9 млрд теңге. Ағымдағы жылы құрлысқа 1 млрд теңге бөлінді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы