Індетпен күрескендерге арналған тағы бір мурал пайда болды
Алматы, BAQ.KZ. Коронавируспен күресті және одан жаһанды құтқарып қалу әрекетін бейнелейтін ашық бояулы суреттер Алматыдағы Төле би мен Чокин көшелерінің қиылысындағы үй қабырғасына салынды.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұл біздің денсаулығымыз бен қауіпсіздігіміз үшін жан аямай күресіп жүрген дәрігерлерге, әскерилер және полицейлерге алғыс білдірген екінші мурал екенін жазды.Муралдың авторлары - танымал суретшілер Тамара Елфимова мен Джохар Юнусов. Олардың ойынша, бұл граффити пандемияны жеңетініміздің символы және осынау күрделі кезеңдегі жанкешті еңбектерімізді еске салып тұруы тиіс.
Еске салайық, пандемиямен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлер еңбегіне арналған бұған дейінгі алғашқы муралды Әди Шәріпов көшесі, 118-үйдің қасбетіне суретші Жұмаділ Елукенов бейнеленген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты
Өзгелердің жаңалығы