Алматыда індет жұқтырғандардың төртеуі бала
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында 25 сәуір күні коронавирус инфекциясын жұқтырудың 793 расталған жағдайы тіркелді, деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Жаңа жағдай бойынша 27 адам жұқтырған, олардың барлығы бұған дейін ауырғандармен қарым-қатынаста болғандар, яғни, атап айтқанда провизорлық госпитальдарда карантинде жатқан. Олардың арасында 13 әйел адам және 10 ер адам бар. Сондай-ақ, жаңадан анықталғандардың арасында екі, бес және он жастағы үш ұл, сондай-ақ 4 жастағы қыз бала бар, - делінген таратылған ақпаратта.
Инфекцияны жаңадан жұқтырған науқастардың ең үлкені – 80 жаста. Инфекциядан сауығып шыққандар – 90, оның ішінде алтауы бала.
Алматы облысынан бір науқасты қоса есептегенде Жұқпалы аурулар стационарларында коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан 694 науқас бар.
Бір науқастың жағдайы өте ауыр болса, 23 науқаста ауыр, 200 адамның жағдайы ауырлықтың орташа деңгейінде болса, қалғандарында –қанағаттанарлық. Провизорлық орталықтарда барлығы 485 адам бар, оның ішінде 11-і бала, карантиндік оқшаулауда 506 адам отыр, ал үй карантинінде 11128 азамат бар, - делінген ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынына іздеу салынады
Өзгелердің жаңалығы