Алматыда ХҚКО арқылы 2 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Фарида Бокижанова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бірыңғай провайдері болып табылады. Ол барлық мемлекеттік қызметтердің 95,9% - ын төрт негізгі бағыт- халыққа қызмет көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, жер кадастры, жылжымайтын мүлік бойынша көрсетеді.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 94%-ы "Электрондық үкімет" порталы арқылы онлайн түрде қолжетімді,  940 қызмет смартфон арқылы, 26 қызмет проактивті және 38 қызмет "Бейне ХҚО" форматы арқылы көрсетіледі, - деді брифингте Фарида Бокижанова.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы 2022 жылдың 12 айында халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 2 665 567 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы бойынша 13 фронт-офис, 4 мамандандырылған бөлім, 1 көші-қон бөлімі және 13 бэк-офис бар, Алматы қаласындағы оқу орындары мен емханаларда өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында 293 жұмыс орны, сонымен қатар автосалондарда жұмыс орындары ұйымдастырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы