Алматыда хостелдегі өрттен 13 адам қаза тапты

Алматыда таңертең жатақхана ретінде жабдықталған жертөледен өрт шығып, 13 адам көз жұмды, тағы екеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады BAQ.KZ Алматы ТЖД сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша оларға иіс тиген.

Келген бойда 1 қабаты және жертөлесі жатақханаға айналған 3 қабатты тұрғын үйдің жанып жатқаны анықталды. Алдын ала ақпарат бойынша өрттің жалпы ауданы – 30 шаршы метр. Қабылданған шаралармен өрт 06:22-де жойылды, - деп хабарлады департаменттен.

Төтенше жағдай кезінде Шәріпов көшесіндегі хостелде 72 адам болған. Өрт орнына 7 жедел медициналық қызмет бригадасы жұмылдырылды.

Алматының Төтенше жағдайлар департаменті өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы