Алматыда Халықаралық «жасыл» медиа форум өтіп жатыр

Бұл туралы Алматыдан BAQ.KZ тілшісі хабарлайды.

Форумның басты мақсаты – жаңартылған энергия көздері саласындағы сарапшылар мен журналистер арасындағы байланысты қалыптастырып, «жасыл» энергетика мәселелері бойынша білім беру және климаттың өзгеруі туралы жалған ақпаратқа қарсы тұру.

Халықаралық медиа форум Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Біз энергетика, телекоммуникация, ғарыштық инженерия және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізгі техникалық бағыттары бойынша мамандар даярлаймыз. Ал бүгінгі форумды медиа сауаттылықты арттыру үшін ұйымдастырып отырмыз. «Жасыл» энергетика және басқа да бағыттар бойынша бірлескен жұмысымыз жалғаса береді деп үміттенемін, – деді АЭЖБУ ректоры Сәуле Сағынтаева.

Іс-шараға БАҚ өкілдері мен сарапшылардан басқа ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Еділ Жаңбыршин мен Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Абай Құланбай қатысты.

Айта кету керек, форум бағдарламасында қатысушыларды жел электр стансасына экскурсияға апару да жоспарланған. Сондай-ақ аталған іс-шара Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен өтіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы