Алматыда халықаралық көрме өтіп жатыр
Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде «Lift Expo Kazakhstan -2023» халықаралық көрмесі өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Әлемдік лифтілердің көшбасшылары бас қосқан шараға Қытай, Түркия, Ресей сынды елдердің өкілдері қатысты.
Заманауи, жаңаша, қауіпсіз жасалған өнімдерін көпшілікке таныстырды. Көрмеде жеделсатылар, эскалатор, көтеру механизмдері қойылған.
Үш күнге созылған көрмеге 50-ден астам жеделсаты қойылды. Еліміздің әр өңірінен келген кәсіпкерлер, компаниялар да қатысты. Біз үшін бұл шара үлкен тәжірибе алаңына айналды десем артық айтпағаным болар. Көрме алғаш рет өтіп жатса да, шетелдік мамандардың көңілен шығып жатыр. Жоғары бағаларын да беруде. Алдағы уақытта осындай іс-шараларды тағы ұйымдастырамыз, – деді Қазақстан ұлттық лифтшілер қауымдастығының президенті Ержан Игибаев.
Аталмыш көрмеде, лифтіде орын алатын оқыс оқиғалардың алдын алу, адам өміріне қауіп төндірмеу жолдарына басты назар аударды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, көрме өз кезегінде экономикағада оң әсерін тигізбек.