Алматыда халықаралық кардиохирургия саласының мамандары бас қосты

Мегаполисте үдемелі жүрек қызметінің жеткіліксіздігін емдеу мәселесі талқыланып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шараға АҚШ, Түркияның және Швейцарияның кардиология, интервенциялық кардиология және кардиохирургия саласындағы жетекші сарапшылары қатысып жатыр.

КІАҒЗИ бірінші басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі - жүрек-қан тамырлары ауруларының жиі кездесетін асқынуларының, сонымен қатар өмір сапасының төмендеуінің және өлім-жітім санының артуының басты себептерінің бірі.

Үдемелі жүрек қызметі жеткіліксіздігін емдеуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Жаңа дәрі-дәрмектер, инновациялық технологиялар, имплантация құрылғылары пайда болды, жүрек трансплантациясы даму үстінде. Алайда біздің алдымызға ерте сатысында диагностика жасау, пациенттердің емделуге бейімділігін арттыру, жүрек қызметі жеткіліксіздігінің болжамын жақсарту үшін жаңа жоғары технологиялық құрылғыларды енгізу сияқты маңызды мәселелер тұр, - деді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов.

 

 Конференция жұмысына қатысқан қатысушыларға сертификаттар беріледі. 
Ертең Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да пациенттерге кеңес беру, LVAD механикалық құрылғысын және Мitraclip имплантациялау операциялары бойынша шеберлік кластар өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы