Алматыда халықаралық фотокөрме ашылды

Мемлекеттік орталық музейінде «Қазақстан. Қытай. Ресей. Қуат палитрасы» халықаралық фотокөрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Көрмеде үш елдің табиғатының сұлулығын, мәдени мұрасы, ұлттық құндылықтары мен даму жетістіктерін көрсететін 600 фотосурет ұсынылды.

Іс-шара Қазақстан, Қытай және Ресей арасындағы мәдени және стратегиялық байланыстарды нығайтуға бағытталған.

Біздің мақсат фотоөнер саласындағы мәдени кәсіби қауымдастықтар арасындағы өзара ынтымақтастық пен байланысты күшейту. Музейге келушілерді үш елдің мәдениетімен, дәстүрлерімен және қазіргі дамуымен таныстыру. Фото мәдениет тақырыбында кездесулер ұйымдастыру және конференциялар өткізу, танымдық фильмдер мен бейнематериалдар көрсетілімін өткізу, фотографиялық мұраны сақтау арқылы елімізде және сол сияқты шетелде Қазақстанның оң имиджін қалыптастыруға жәрдемдесу, - деді Мемлекеттік орталық музейі РМҚК директоры Рашида Харипова.

Көрме Қытай ғылыми-білім беру фильмдері мен телебағдарламалары қауымдастығының және «Фото және бейнетүсірілім» журналының қолдауымен ұйымдастырылып жатыр.

Бұл көрме мәдени байланыстарды нығайтып, елдер арасында ынтымақтастық орнатып, жаңа мүмкіндіктер жасаудағы маңызды қадам болатынына сенімдіміз, - деді «Фотографтар мен цифрлық фотосуретшілеродағы» ҚБ президенті Дарья Дунич.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы