Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобаларына дауыс беруге болады

2023 жылғы 13-23 қазан аралығында budget.open-almaty.kz порталында «Халық қатысатын бюджет» үздік жобалары үшін онлайн дауыс беру басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дауыс беруге қала тұрғындарының 2 213 жобалық ұсынысы қатысады. Қаланы абаттандыру және дамыту бойынша бастамалардың көбін Алмалы (921) және Алатау (790) аудандарының тұрғындары берді. Бұдан кейін Түрксіб (100), Медеу (95), Жетісу (84), Әуезов (81), Бостандық (79) және Наурызбай (63) аудандары тұр. 

Дауыс беруге жіберілген жобалар қатарында: Желтоқсан көшесі, 121 үй мекенжайы бойынша «Игла» (1988 ж.) фильмінің түсірілімі өткен орынды абаттандыру; Кемел шағын ауданы дыбыс оқшаулағыш қоршауды орнату; Төле би Орманов көшелерінің қиылысыдағы көпірдің астындағы баскетбол алаңының құрылысы; «Алматы Арена» маңындағы иттерді серуендетуге арналған алаңның құрылысы және т. б. жобалардың толық тізбесі budget.open-almaty.kz порталында «Биылғы жобалар» бөлімінде қолжетімді. 

Дауыс беруге Алматының кәмелетке толған тұрғындары қатыса алады (міндетті шарт – тұрақты тіркеудің болуы). 

ЭЦҚ немесе SMS-код келетін ұялы телефон арқылы 3 жобалық ұсыныс үшін ғана дауыс беруге болады. 

Ең көп дауыс жинаған жобалық ұсыныстарды аудан әкімдіктері 2024 жылы іске асырады.

«Халық қатысатын бюджет» бойынша кеңесті аудандық әкімдіктерден немесе Open Almaty әкімдігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесінен 224 39 29 (ішкі. 203, 127) ала аласыздар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы