Алматыда ғылыми университеттер Альянсы құрылды

Оңтүстік астанада «Industry Advisory Board» форумы өтті. Іс-шара елімізде алғаш рет ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ. KZ. тілшісі.

Форумның шымылдығын ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы Саясат Нұрбек ашты. Ол өз сөзінде Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің құрылғанын және алдағы уақытта жастардың ғылымға деген қызушылығы артуы үшін жұмыс істелетінін атап өтті.

Университеттегі ғылымды дамыту – маңызды бағыт. Біздің университеттердің көпшілігі teaching university деңгейінде. Олардың ғылыми-зерттеу университеті форматына ауысуы өте маңызды. Бүгінгі таңда ғылымға бөлінетін қаржы 3,5 есе артты. Бізде 620 мың студент бар. Оның 90%-дан сәл астамы бакалавр, 7-8% магистр және 1%-дан азы PhD докторлары. Некен-саяғы ғылыми дәрежесін қорғап, жоғары білімге, ғылымға келеді. Жап-жас PhD докторлары қандай да бір позицияға ие бола алмайды. Әдетте олар сатылай өсуге мәжбүр. Осылайша олардың мотивациясы жоғалады. Гранттық өтінімдерге, ғылыми жобаларға қатысу үшін мақалалар, ғылыми дайындық, қалыптасқан профиль қажет. Ол үшін гранттарға қатысу шарт. Бұл тұйық шеңбер болып шықты. Сондықтан қазір мақсатты қаржыландыру форматы мен бағдарламасы қайта қаралып жатыр. Университеттерге өсу нүктелерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін алғаш рет алғаш рет «мега грант» ұғымы (қаржыландыру тұрғысынан) енгізілуі мүмкін» – деді Саясат Нұрбек.

Шарада еліміздің жетекші университеттерінің, бизнес пен салық саласында байланысын арттыру мақсатында атқарылатын жұмыстар талқыланды. Салалық міндеттерді шешуге және қосылған құны бар жаңа өнімдерді жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу жобалары таныстырылды.

Сондай-ақ, форум барысында коммерцияландыру бойынша ғылыми университеттер Альянсы құрылды. Он университет өзара меморандумға қол қойды, олар: ҚазҰУ, Satbayev University, AlmaU, АЭжБУ, ҚазҰМУ, ҚазҰАЗУ, ҚБТУ, ҚАТУ, Shakarim University, ЯФИ және Азаматтық авиация академиясы.

Салалық консультативтік кеңес қазіргі уақытта Siemens, Microsoft, MC, Honeywell, Coca Cola сияқты әлемдік көшбасшылардың өкілдерін қоса алғанда 22 мүшеден тұратын атап өткеніміз жөн болар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы