Алматыда "Ғылым және технологиялық саясат" туралы заң жобасы талқыланып жатыр
Қоғамдық талқылау онлайн және офлайн форматта өтіп отандық және шетелдік ғалымдар қатысты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Мәжіліс депутаты Таңсауле Серіков талқылауда ғалымдарды қолдау, әлеуметтік пакет мәселесі қарастылғанын атап өтті.
Бүгінгі отырыста Ұлттық ғылым академиясының статусы мен жұмыс тәртібінің қағидасы, екіншіден, ғылым саласындағы ғылыми жобалардың қаржыландыруы, оның біздің елімізге жалпы әкелетін пайдасы бойынша талқылау болды. Сондай-ақ жас ғалымдарды қолдау, әлеуметтік пакет қарастыру мәселесі ортаға салынды, - деді депутат.
Үшіншіден, ғылым саласындағы қызметкерлерге ақша бұған дейін ғылыми дәреже үшін төленетін болса, енді ғылыми атаққа қосымша қаражат қарастырылуда.
Талқылау әлі біраз болады. Қазірге дейін үш талқылау отырысы болды. Көптеген депутаттар атсалысып, түзетулер енгізіп жатыр. Бұл заң жобасының шығу тәртібі алдағы уақытта қарастырылады, әзірге асығыстық жоқ, - деді Мәжіліс депутаты Таңсауле Серіков.