Алматыда граффити қабырғаға 80 суретшінің композициясы салынды

Қабырғадағы суреттер қазақ әліпбиінің әріптерін бейнелейді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз-конференциясы барысында Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин мәлімдеді. 

Достық даңғылынан «Есентай» өзеніне дейінгі Оспанов көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағында ұзындығы 500 метрге жуық тротуар жолын кеңейттік. Жаяу жүргіншілер аймағының басты ерекшелігі 80 суретшінің ондаған көркем композицияларымен безендірілген граффити қабырғасы салынды. Авторлардың ойынша, қабырғадағы суреттер қазақ әліпбиінің әріптерін бейнелейді: барлық 42 таңба жалпы сюжеттік композицияға енген, – дейді Медеу ауданының әкімі. 

Әкімнің айтуынша, «Көк базарды» жаңғырту жұмыстары басталды. 

Биыл «Көк базарды» жаңғырту жұмыстары басталды. Желілерді қайта жаңарту жүргізілуде, орталық кіреберістің алдында бетон жабындысын жаңарту, тірек конструкцияларын күшейту, аумақты абаттандыру жоспарлануда. Жұмыстарды 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда, – дейді Еркебұлан Оразалин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы