Алматыда гонконг тұмауының бірінші жағдайы тіркелді
Мегаполоисте гонконг тұмауының алғашқы жағдайлары анықталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
А/Н3Н2 тұмауының екі расталған жағдайы, жедел ағымы бар жіті респираторлық ауру тіркелген. Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді.
Эпидемиологиялық маусымның 45-ші аптасында А/H3N2 типті тұмау екі адамнан расталды. Пациенттерге емдеу тағайындалды, жағдайлары қалыпты. Өткен жылғы эпидемиологиялық маусымның 40-шы аптасынан бастап тұмаудың В типі және А типі /H3N2 болған, барлығы 96 жағдай тіркелген еді, – дейді Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл темір жол көлігімен 16,6 млн жолаушы тасымалданды
Өзгелердің жаңалығы