Алматыда газ тарифі төмендетілді

Кезекті монополистке 184 млн теңгеден астам өтемдік тариф енгізіле отырып, 78 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру нәтижелері бойынша "APL Construction" ЖШС-де бекітілген тарифтік сметаның бұзылуы, сондай-ақ орамішілік газбен жабдықтау желілеріне қосылу кезінде үстем жағдайды теріс пайдалану анықталды.

Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша тариф 1 мың м3 үшін 6 362,77 теңгеден 5 999,08 теңгеге дейін төмендетілді (5,7% - ға), 184 млн теңге сомасына өтемдік тариф енгізілді, сондай-ақ монополист Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабы 3-1 және 164-бөлігі 4-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды және 78 млн.теңге айыппұл өндірілді, - делінген Прокуратура таратқан хабарламада.

Қабылданған шаралармен Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарының 11 мың тұтынушыларының құқықтары қорғалды, олардың 300-ден астамы кәсіпкерлер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: inbusiness.kz
Өзгелердің жаңалығы