Алматыда газ құбырын соққан көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті
Жол талғамайтын көлік Олимпия көшесіндегі газ құбырына соқтығысып, 98 үй көгілдір отынсыз қалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Ал көлік тізгінін ұстаған жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Әлеуметтік желілерде бейнероликтер пайда болды.
Видео: Kris_p_almaty
Қазір зақымдалған газ құбырларын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз алдымен газ желілерін өшіреміз. Дәнекерлеу жұмыстары аяқталғаннан кейін барлығын қайта іске қосамыз. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы филиалының, желілердің меншік иесінен біздің ұйымның жүргізген жұмыстары негізінде «Интергаз Орталық Азия» шоты қойылады, – деді газ желілерін жөндеу қызметінің 1-санатты инженері Рамиз Мұқашев.
Инженердің айтуынша, қалпына келтіру жұмыстары кешке дейін жалғасады.
Мұндай ауа райында жөндеу және дәнекерлеу жұмыстары кем дегенде екі-үш сағатқа созылады. Содан кейін іске қосу жұмыстары кешкі 6-7-ге дейін жалғасады. Сол себептен тұрғындарды түсіністік танытуға шақырамын, – дейді Мұқашев.