Алматыда фитнес-клубтар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда 3 маусымнан бастап жаттығу және фитнес залдар жұмысын қайта бастайды. Олардың барлығы Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің  2020 жылғы 1 маусымдағы қаулысына сәйкес жұмыс істейді. 


Нұсқаулықта спорт нысандары 30 адамға дейінгі топтар үшін оқу-жаттығу процесін жүргізе алатыны және ешқандай көрерменнің қатысуынсыз қандай шынықтыру-сауықтыру объектілері  (фитнес-клубтар, жаттығу залдары және т.б.) жұмыс істейтіні айтылған.

Нұсқаулықта мынандай талаптар көрсетілген:

- Нысан басшысының бұйрығымен COVID-19 карантин уақытында алдын алу іс-шараларын сақтауға жауапты тұлға бекітілсін, сондай-ақ қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау бойынша нұсқаулық өткізсін.

- Жауапты тұлға жұмыс (ауысым) басталар алдында байланыссыз термометрлерді (тепловизорларды) пайдалана отырып, қызметкердің күнделікті термометриясын жүргізіп, нәтижесін қағаз немесе электрондық тасығыштарда тіркесін.

- Респираторлық инфекцияның кез келген белгілері бар (температураның көтерілуі, жөтел, тамақтың ауруы, тыныс алудың қиындауы) қызметкерді жұмысқа жібермеу және инфекция симптомдары анықталған немесе пайда болған жағдайда жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыру қажет.

- Қызметкерлерді бір реттік қолданылатын медициналық маскалар қорымен (жұмыс ауысымының ұзақтығы мен 3 сағатта 1 реттен кем емес маскалар ауысуын ескере отырып), сондай-ақ бір реттік қолданылатын қолғаптармен (ауысымда 2 реттен кем емес және тұтастығы бұзылған кезде ауыстыруға жататын), қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерімен қамтамасыз етсін.

- Басты кіреберісте, сондай-ақ холлдардың, дәліздердің әрбір 20 м сайын көрінетін және қолжетімді орындарында, залдар, лифтілер, санитариялық тораптар кіреберістерінде санитайзерлер орнатылсын, коронавирусты инфекцияның алдын алу тақырыбына жадынамалар орналастырсын.

- Жұмыс орындарында тамақ ішуге рұқсат берілмесін, тамақты қол жуғышпен жабдықталған (ыстық және суық су келтірілген) тамақ ішуге арналған бөлмеде, бірнеше үстел болған жағдайда, үстелдер арасындағы 1,5-2 метрлік ара қашықтықтың сақталуын қамтамасыз етсін.

- Егер объектіде қоғамдық тамақтану орны болған жағдайда үстелдер арасында 2 метрлік қашықтық және бір үстел басында 2 адамнан артық (бір отбасы мүшелерін қоспағанда) отырғызбау қамтамасыз етілуі қажет.Үстелдердің арасындағы арақашықтықты қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, үстелдердің (отыратын орындардың) санын қысқарту қажет.

- Келушілердің термометриясын кіреберісте байланыссыз термометрлерді (тепловизорларды) пайдалана отырып жүргізсін.

- Топтық сабақтарға арналған аймақтарға, тренажерлер мен жабдықтар арасындағы 1,5-2 метрлік арақашықтықты сақтай отырып бөлсін.

- Өндірілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдайларды қамтамасыз етсін (карталар, телефондағы қосымша).

- Объектінің өткізу мүмкіндігін ескеріп, сабақ (жаттығу) кестесін қалыптастырсын, жұмысты қатаң түрде кестеге сәйкес ұйымдастырсын (касса аймағында, вестибюльдерде, холлдарда келушілердің жиналуын болдырмау үшін). 

- Интернет сайт пен мобильді қосымшаларда орналастыра отырып, сабақ (жаттығу) кестесінің қолжетімділігін қамтамасыз етсін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы