14 Қаңтар 2023, 15:20

Алматыда фильм түсіріліміне байланысты бірқатар көше жабылады

Алматыда түсірілім жұмыстарына байланысты бірнеше көше уақытша жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

Алматыда түсірілім жұмыстарына байланысты бірнеше көше уақытша жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ  Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

 Қалада мына көшелер жабылады:

 - 15 қаңтар күні сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін – Жібек жолы көшесі, Бұзырбаев көшесінен Горький атындағы саябаққа дейін жабылады;

 - 16 қаңтарда сағат 19:00-ден 02:00-ге дейін – Тимирязев көшесі Жандосов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін;

 - 18 қаңтарда сағат 01:00-ден 06.00-ге дейін – Бөгенбай батыр көшесі Достық көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін;

 - 18 қаңтар және 19 қаңтар сағат 03:00-ден 07.00-ге дейін – Құрманғазы көшесі Назарбаев даңғылынан Төлебаев көшесіне дейін жабық болады.

 Түсірілім барысында түтін, пиротехникалық құралдар қолданылады, сондай-ақ қатты әрі шұғыл дыбысты көріністер болады. Кейде түсірілім адам көп жиналатын орында да болады,- деп хабарлады әкімдіктен.