Алматыда фаст-фуд сататын дүңгіршек өртенді
Алматының орталығында бургер сататын дүңгіршек өртеніп кетті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Оқиға 30 мамыр күні Сейфуллин даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында болды. Өрт Gippo фаст-фуд желісінің бірінде болды. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар кейін әлеуметтік желілерде пайда болды.
Алматы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Алмалы ауданына қарасты аумақта өрт шыққандығы туралы хабарлама түскен.
От шарпыған аумақ - шамамен 15 шаршы метр. Жалынның таралуы 09:14-те оқшауландырылып, 10.30-да толығымен ауыздықталды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл жерде 11 қызметкер мен төрт техника жұмыс істеді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, – деді ТЖД баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы