Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтеді

Оған Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей үкімет басшылары, сондай-ақ Өзбекстан Премьер-Министрі ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет өкілі ретінде қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Іс-шараның күн тәртібі сауда-экономикалық ынтымақтастық, техникалық реттеу, теміржол және мультимодальдық жүк тасымалы, энергетика және т.б. мәселелерді қамтиды. 

Осы күндері ЕАЭО елдерінің премьер-министрлері Digital Almaty бесінші мерейтойлық форумының пленарлық сессиясына қатысып, цифрлық жобалардың халықаралық көрмесімен танысады. 

Сонымен қатар іс-шара аясында цифрландыру саласындағы үздік жетістіктері үшін Digital Almaty Awards IT сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үкімет
Өзгелердің жаңалығы