27 Қыркүйек 2026, 23:24 Фото: istockphoto.com

Алматыда есірткіні жасырын орындар арқылы таратқан күдікті ұсталды

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.

Алматыда есірткіні байланыссыз тәсілмен таратқан 33 жастағы ер адам ұсталды. Оқиға күндіз Қазаков көшесінде болған.

Алмалы аудандық патрульдік полиция басқармасының «Буран-526» экипажы күдіктіні тоқтатып, тексеру жүргізген. Нәтижесінде оның есірткіні жасырын орындарға жасырып, орналасқан жерін ұялы телефонына түсіріп, кураторына жіберіп отырғаны анықталды.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.

Қазір тергеу барысында есірткіні таратуға қатысы бар өзге де адамдар анықталып жатыр.