Алматыда есірткіні жарнамалаған Telegram-арналарының қызметі тоқтатылды
Алматыда есірткіні жарнамалаған Telegram-арналарының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бас Прокурордың «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру туралы тапсырмасын орындау шеңберінде Алматы қаласының прокуратурасы есірткі және психотроптық заттарды жарнамалауды және сатуды жүзеге асырған 22 Telegram-арнасының қызметін тоқтатты.
Бұл арналарға қатысушыларға тыйым салынған заттарды сатып алу ғана емес, сонымен қатар «закладчик» ретінде заңсыз қызметпен айналысу ұсынылғаны анықталды.
Сот Жетісу ауданы прокурорының аталған интернет-ресурстарға тыйым салу туралы талап-арызын қанағаттандырып, олардың қызметі тоқтатылды.
Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды жедел шаралар қабылдау үшін есірткі тарату фактілері және өзге де құқыққа қарсы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан – Солтүстік және Орталық Азия аймағындағы жаңа жобаларға инвестиция тарту бойынша көшбасшы
Келесі жаңалық
Ұлытау облысында бір күнде төрт әлеуметтік нысан ашылды
Өзгелердің жаңалығы