Алматыда есірткіге масайған полиция майоры қызметтік көлікпен апатқа ұшырады
19 ақпан күні есірткіге масайған полиция майоры қызметтік көлікті басқарып келе жатып, Toyota маркалы басқа жол-патрульдік машинасына соғысқан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Egov.press Telegram арнасында Алматының полиция майоры есірткі қолданып қызметтік көлікпен апатқа ұшырағаны жайлы ақпарат тарады.
Аталған жағдайға Алматы қаласының полиция департаменті түсінік берді.
Тәртіптік комиссияның шешімімен есірткіге масайған полиция майоры ішкі істер органдарынан босатылды. Басқа бірқатар басшы тәртіптік жазаға тартылды. Бұл дерек ҚР Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға артады
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы