Алматыда есірткі сатумен айналысқан 61 жастағы ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда есірткіні көтерме және бөлшек саудада сатумен айналысқан 61 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлады  Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, күдіктіні ұстау бойынша арнайы іс-шараны жүргізбес бұрын біздің бөлімшенің қызметкерлері жедел және арнайы шаралар кешенін жүзеге асырды.

Дәлелдемелік база жеткілікті көлемде жинақталды. Күдікті күндізгі уақытта гараж кооперативтерінің бірінің аумағында ұсталды. Біздегі мәлімет бойынша, күдікті сатуға дайындалған қылмыстық затты сол жерде сақтаған. Тінту кезінде гашиш салынған 13 бума, марихуана салынған 13 бума, ПМ-9мм тапаншасының бір патроны, 740 мың теңге көлемінде қолма-қол ақша, 1 150 доллар, 50 еуро табылып, тәркіленді. Тәркіленген зат сот-химиялық сараптамаға жіберілді, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы