Алматыда есірткі өндіретін зертхана жойылды

Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіру бойынша жерасты зертханасы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

16 мамырында оңтүстік астананың жеке үйлерінің бірінде психотроптық заттарды дайындау процесінде Қазақстанның екі азаматы ұсталды. Тінту барысында 7 кг «мефедрон» психотроптық заты және 200 литр прекурсорлар, сондай-ақ есірткі құралдарын дайындауға арналған жабдықтар алынды. Табылған есірткінің құны «қара» нарықта шамамен 140 млн теңгені құрауы мүмкін, - делінген хабарламада.

Тергеу мәліметтері бойынша, ұсталған адамдар шетелдік интернет-дүкендердің бірінің мүддесі үшін «варщиктер» деп аталатындар ретінде жұмыс істеген.

Соттың санкциясымен оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы