Алматыда есік қоймасы өртенді
Өртті сөндіруге жеке құрамның 50-ден астам адамы, 20 техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
Сағат 10:15-те Жетісу ауданындағы Қазыбаев, 44 мекен-жайынан өрт шықаны жайлы хабар келді. Өрт 10-40-та оқшауланып, 11-31-де жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамның 50-ден астам адамы және 20 техника жұмылдырылды. Өртті сөндіру барысында екі деңгейлі қоймада жанғыш материалмен қапталған металл есіктерді қолмен бөлшектеу қиынға соққан,- деді Төтенше жағдайлар департаменті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы