Алматыда ерекше концерт өтті

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы шаңғы трамплин кешенінде өткен концертке еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы 7000 көрермен келді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көптен күткен шараға барлық билеттер бір айдан аз уақытта сатылып кеткен.  

Бұл күні ((beu)) сахнасында Youtube-тың топ-чарттарынан түспеген барлық әуендер орындалды. Әртістер музыкалық бэндтермен, жанды дауыста өнер көрсетіп, өз хиттерінің мүлдем жаңа дыбысын берді.

Осыдан екі жыл бұрын танылған jeltoksan. осындай ауқымды алаңда алғаш рет ән айтты. Оның айтуынша, фестивальді үш блокқа (инди, поп және хип-хоп) бөлу ұйымдастырушылар тарапынан керемет қадам болды.

Біз ((beu)-ге бір айға жуық дайындалдық. Мен бұл қойылымға өте жоғары жауапкершілікпен қарадым, өйткені үлкен алаңда жоғары дәрежені, әндер мен музыканың барлық әлеуетін көрсеткім келді. Бәрі жақсы болатынына сенімді болу үшін арнайы вокал сабақтарын алдым. Мен үш әнді бэндпен бірге жанды дауыста орындадым. Мүлдем жаңа дыбыс шықты, - деді әртіс.

õzen-нің ең ерекше әрі талантты әртістерінің бірі dudeontheguitar, алдымен көрермендерді өзінің музыкалық арсеналының ең үздіктерімен қуантты, содан кейін оған Hey Monro қосылды. Әртістер Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай шығарған "Boiy Bulgan" әнін орындады.

((Beu) атауын алғаш естігенде бірден халық " Беу! О, айхай!» деп айқайлайтын айтыс есіме түсті. Әртістер үшін бұл өте шабыттандыратын сөздер болған. Маған ұнады. Ал сахнаны көрсеткенде, бірден масштабты түсіндім. Мен үлкен алаңдарда өнер көрсеттім, бірақ бұндай аппаратурамен емес. Мұнда, былай айтқанда, бәрі " по-шетельски"! Біз өте ұзақ дайындалдық және қатты қобалжыдық. Бірақ бәрі шынайы және жарқын шықты!,-деді dudeontheguitar.

Сол õzen шығармашылық бірлестігінің орындаушысы Hey Monro шашын қазақтың ұлттық әшекейлерімен безендіріп, сахнаға жалаң аяқ шықты. Негізінде, жас әртістер арасында бейнелерінде ұлттық және заманауи стильді біріктіру трендке айналды.

Мен сахнаға жалаң аяқ шықтым, өйткені мен өзімді табиғи және жерге жақын сезінгім келді. Адамдардың біздің қандай әр түрлі екенімізді түсінгенін қаладым. Біздің қоғамда түрлі консервативті стандарттары көп менталитет бар. Бірақ біз сонда да өз аудиториямызбен ашық және шынайы болғымыз келеді. Әр әртістің өзіндік стилі мен вайбы бар екенін түсінгендерін қалаймын. Біз әр түрліміз!,-дейді Hey Monro.

Бұл кеш жаңа қазақ музыкасының алуан түрлілігін айқын көрсетті. Лайнапта әрқайсысы ерекше 20-дан астам әртіс болды. Сондай-ақ ((beu)) сахнасында Қырғызстаннан - Ulukmanapo және Bakr, Өзбекстаннан - Ato Woody орындаушылары өнер көрсетті. Олардың әндері қазақстандық топ-чарттарға талай рет енген.

Көрермендер әр орындаушыны жылы қарсы алды. 6 сағатқа жуық созылған концертте әр әнде 7000 дауыстың хоры шырқалды десе де болады! Барлығы ән айтты!

((beu)) дәл өз уақытында туған фестиваль. Соңғы екі жыл ішінде жаңа есімдер жаппай әрі тез пайда болды. Және мұның бәрі өте сапалы заманауи музыка! Енді бұл орындаушылар туралы одан да көп адамдар білетіні сөзсіз, - деді ((beu fest))-тің қоюшы режиссері Айгүл Ақсамбиева.

Бұл тек басы ғана. Фестивальдің басты жаңалығы - күзде ((beu)) радиосын іске қосу жоспарлануда. Жас орындаушылардың жеке өзіндік толқыны. Айтпақшы, фест логотипіндегі жақшалар дәл осыған нұсқайды. Өйткені, олар радио толқындарының таралуын бейнелейді.

Біз Нұр-Сұлтанда 100 және Алматыда 97.7 FM толқынын алдық. Эфирде жаңа тректердің тұсаукесерлері, подкасттар, live-қойылымдар, авторлық шоулар мен бағдарламалар болады. Бұл біздің заманауи қазақстандық музыкамыздың барлық жаңа трендтерін көрсететін радио болады. Одан да көп жаңа есімдерді ашу үшін біз фестивальге қатыспағандардың барлығының бізге қосылғанын қалаймыз, - деп бөлісті ((beu fest))-тің Бас продюсері Жаннұр Айдарбекова.

Сондықтан келесі фестиваль ((beu)) радиосында ашылатын жаңа есімдермен өтеді. Естеріңізге сала кетейік, ((beu fest)) жыл сайын өткізіледі.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы