22 Ақпан 2023 2023, 17:42 Фото:  instagram.com/almoblzdrav

Алматыда ер адамның ішегінен 19 шеге шықты

Алматы облысы Қарасай ауданындағы 39 жастағы тұрғынның ащы ішегінен 19 шеге шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысы Қарасай ауданындағы 39 жастағы тұрғынның ащы ішегінен 19 шеге шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, науқас шизофрениямен ауырады. Оның ащы ішегінен ұзындығы 10 сантиметрлік 19 шеге алынған. Науқас шеге жұтып қойған соң, тек төртінші күні ғана дәрігер көмегіне жүгінген. Шұғыл түрде ота жасалған, жағдайы қалыпты.

Бұған дейін былтыр 12 қыркүйекте, науқас шеге жұтып, үшінші күні ғана дәрігердің қызметіне жүгінген. Оның айтуынша, өз-өзіне қол жұмсамақ болған екен.